Әскерилер аумақтық қорғаныс оқу-жаттығуына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада аумақтық қорғаныс бригадасына арналған әскери міндеттілердің тіркелген құрамымен оқу-әскери жиын аяқталды. Оған 78 әскери қызметші шақырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара 4-13 қараша аралығында өткізілді. Арнайы-тактикалық оқу-жаттығудың жетекшісі, қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің төрағалығымен "Аймақ 2019" оқу-жаттығуының соңғы кезеңі өтті.

Жиын барысында жаудың диверсиялық-барлау тобының маңызды мемлекеттік объектісін басып алу көріністері іс жүзінде пысықталды. Сондай-ақ оқу-жаттығуға Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлімшелері қатысты.
Өткізілген оқу-жаттығудың мақсаты жаудың диверсиялық-барлау тобын оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды орындау, күзет ротасының үйлесімді және далалық ауласын жетілдіру, сондай-ақ аса маңызды нысандарды күзету және қорғау бойынша міндеттерді орындау болды, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі подполковник Марат Қапаров.
Солдаттардың дайындығын тексеру және өңірдегі бейбітшілікті сақтау үшін әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл деңгейін арттыру әскери қызметшілер қатысқан оқу-жаттығудың негізгі міндеттері болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы