Әскерилер Ақтауда дезинфекция жүргізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті вирустың таралуымен күресудің негізгі құралы - дезинфекция. Сондықтан қазір әскери қызметшілердің күші дезинфекция жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
    

Ақтау қаласында дезинфекцияны Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері жүргізуде.
Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы қалалық қызметтерге жан-жақты көмек көрсетуде. Қоғамдық және тұрғын үй нысандарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Өз күшімізбен біз өз объектілерімізде, соның ішінде су қорғау әмбебап жүйесін пайдаланатын әскери-теңіз күштерінің кемелерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргіземіз, - деді әр текті кемелер жеке дивизионының командирі, 3-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.

Жергілікті тұрғындар әскери қызметшілердің міндеттеріне түсіністікпен қарауда. Олар әскери теңізшілерімізге осындай қиын қыстау уақытта шағын ауданда дезинфекция жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс білдіруде.

Қалалық және тұрғын нысандарынан басқа арнайы өңдеу жұмыстары Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарында да жүргізіледі. Жеке құрамның қауіпсіздік шаралары бақылау-өткізу пунктінде басталады. Яғни қызметке келген әрбір адам медициналық тексеруден өтеді. Сонымен қатар медициналық маскаларды кию мен антисептикалық заттарды пайдалану міндетті.

Санитарлық-гигиеналық шаралар Каспий теңізінің қазақстандық секторында қызмет атқаратын әскери кемелерде күшейтілген. Барлығы мұқият дезинфекцияланып, іргелес аумақтар да өңделуде.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы