Әскери қызметшілер дабыл іс-қимылдарын пысықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери бөлімді жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру алгоритмі Нұр-Сұлтан қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасында көрсетілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, әскери қызметшілер бөлім кезекшісінің іс-қимылынан бастап жауынгерлік техниканың шығуы жайлы іс-қимылды орындады. Әскери қызметшілер ҚР қорғаныс министріне кезекші бөлімшенің, бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылдарын, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыруды, жеке құрамға қару-жарақ пен мүлікті беруді, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа мерзімді сақтаудан алып тастау тәртібін және жауынгерлік техниканың тұрағынан шығуын көрсетті.
Бөлімше толықтыруды қарсы алу пунктінің жұмысы қалай ұйымдастырылатынын, жергілікті әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылдың қалай жүргізілетінін пысықтады, - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, 18 – 21 қараша аралығында Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Бұл түрлі пішіндегі іс-шаралардың жиынтығы. Атап айтқанда, командалық-штабтық әскери ойын, нұсқаулық-әдістемелік сабақтар, дәрістер және тактикалық лездемелер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы