Әскери қызметшілер Арыс мектептерінде ерлік сабақтарын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұстаздар күнінне орай әскери қызметшілер мен ардагерлер мектептер мен колледждерге барып, жоғары сынып оқушыларымен және студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Арыс қаласының орта білім беретін мектеп оқушыларымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал –майор Әділбек Алдабергенов кездесті.

Ауғаныстандағы соғыс ардагері, әскери қызметтегі әскери еңбегі мен жетістіктері  үшін жоғары әскери наградаларымен марапатталған. Генерал оқушыларға әскери мамандық,  Ұлы Отан соғысындағы патриотизм, намыс пен ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың, әскери бөлімдерге есімі берілген әскерилер жайында, сондай-ақ қазақстандық әскердің, қазіргі әскери қызметшілердің батылдықтары туралы айтты.


«Әлемде көптеген беделді,  пайдалы және қажетті мамандықтар бар. Сондай-ақ Отан қорғау мамандығы мамандығы деген бар! Және бұл барлық уақытта да қасиетті!  Әскери қызметшілер – бұл,  ең алдымен,  біздің қауіпсіздігіміз. Әскери мамандары жұмысының мәні, олар күн сайын сіздер мен біздер үшін, бейбіт өмір сүріп, жұмыс істеуге, балаларды тәрбиелеп, болашаққа жоспар құруымыз үшін- өз өмірлерін қауіп қатерге тігеді», - деді генерал –майор Әділбек Алдабергенов. 

Ол ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесін атап өтті, сондай –ақ оқушыларға денсаулық, табандылық және оқуда табыс тілеп, өздері қалаған мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орнына түсулеріне сәттілік тіледі.

Оқушылар кездесуге белсенді қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сабақтан кейін балалар  генералмен бірге ағаш көшеттерін отырғызып республикалық экологиялық сағат акциясын қолдады. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы