Әскери нысанның үстінен рұқсатсыз дрон ұшырғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Жедел әрекет ету тобы әскери бөлімшенің үстінен рұқсатсыз дрон ұшырып, түсірілім жасап жүргендерді ұстады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін Қарағанды облысында жедел әрекет ету тобы әскери бөлімшенің үстінен рұқсатсыз дрон ұшырып түсірілім жасап жүргендерді ұстады. Олар квадракоптермен әскери бөлімді және оған тиесілі территорияны түсірген. Сонымен қатар, бұл ауданда видео түсіруге алдын ала өтінім болмағаны анықталды. Дронның иелері ұсталып, Саран аудандық ішкі істер бөлімшесіне тапсырылды. Рұқсат етілмеген ұшу мен түсірілім жасалғаны жөнінде Көлік прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік органдарына хабарланады»,- делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі өз тарапынан дрон иелеріне әуе кеңістігін пайдалану ережелерін, сондай-ақ ҚР «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»  Заңымен реттелетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану тәртібін қатаң сақтау қажеттігі туралы қайталап еске салады


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы