Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.Бұйрық жобасымен әскери қызметке жарамдылық санатын жеке бағалау көзделетін, ауруы бар әскери қызметшілерге қатысты әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығару тәртібіне өзгерістер енгізіледі.
«Бұл жоғарыда аталған санаттағы әскери қызметшілерді әскери қызметте сақтауға мүмкіндік береді.Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.