Өскеменнің қақ ортасында түлкі жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде қақ ортасында түлкі жүр, деп хабарлайды YK-news.kz.

Былтыр Шығысқа білім іздеп бұғы, кәуәп іздеп аю, елік,сілеусін, қысқасы, аңдар қалаға жиі келгіштеп кеткен еді. Тіпті қалаға аң кіріп кетсе таңқалмайтын болдық. Енді міне, келгіштегенің былай тұрсын қаланы мекен етіп жүрген түлкі жайлы білдік. 

"Заречный" базарының маңындағы гаражда түлкі тұрады екен. Куәгерлердің айтуынша, ол бұл маңға жақында ғана келген. Гараж қасынан үңгір қазып, сол жерде жүрген көрінеді. Жергілікті тұрғындар түлкіні тамақтандырып жүр.

Бірақ оның өмірі үшін алаңдайтындар көп. Себебі ауданда иттер өріп жүр. 

Қаладан пана іздеген елік сияқты өліп қалмасын десек, бір шара қолданайық, - дейді өскемендіктер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы