27 Қазан 2019, 12:16
Өскемендік тұрғын еденге төселген құлпытас бөлшектерінен өзінің әкесінің суретін таныған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғыны "Әлем" сауда үйінде төселген құлпытастың бөлшегінен өзінің әкесінің суретін таныған. Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғыны "Әлем" сауда үйінде төселген құлпытастың бөлшегінен өзінің әкесінің суретін таныған. Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлады.
Наталия достары жіберген видеодан 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің суретін көрген. Ол тек суретті ғана емес, сауда үйіне төселген құлпытасты да таныған.
Видео авторлары құлпытастағы суреттерді өшіргенін айтады, дегенмен кейбірі әлі тұрған көрінеді.
"Менің әкем Евгений Кречетов 2004 жылы көктемде жерленген болатын. Ал 2014 жылы құлпытасты жаңартпақ болдық. Суретші ескі суретті реставрациялаудан бас тартып, жаңа құлпытас қоюға кеңес берген болатын. Ескі суретті қайтармады, біз оны жойып жіберген шығар дедік. Бес жыл өткен соң осындай жаңалық естіп отырмыз. Қалай ғана осындай әрекетке барған. Адамдардың суреттерін неге алып тастамаған?", - дейді Наталия Андреева.
Наталия полицияға арызданған.
"Полицияда қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па белгісіз екендігін айтты. Азаматтық сотқа жүгіну керек деді. Әлеуметтік желіде жария болған видеоның маңызы жоқ деді. Біздің отбасымызға өте ауыр болды. Мен маған суретті қайтарып беруін және құлпытастарды сатқан адам мен жұмысты қабылдаған адамдардың жазалануын талап ететін боламын", - деді ол.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 294-бабы бойынша ("Тағылық") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді Өскемен қаласы полиция басқармасының басшысы Дәуір Ибраев инстаграмда.Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде "Алем" сауда үйінен түсірілген фото мен видео желіде тарап кеткен болатын.
Сонымен қатар, сауда үйінің едені неліктен құлпытас бөлшектерінен төселгені белгілі болған еді.
- SpaceX Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты 06:27
- Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, жолай тағы бір туристке көмектесті 05:47
- «Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды 04:38
- ДДСҰ биыл денсаулық сақтау нысандарына жасалған 900-ден астам шабуылды тіркеді 03:25
- Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті 02:17
- Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді 01:25
- Иран АҚШ әскери қызметшілерінің көзін жойғаны немесе тұтқындағаны үшін 25 мың еуро сыйақы жариялады 00:18