Өскемендегі әнші-фонтандар қайта іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі 1.5 ай бұрын бұзылып қалған әнші-фонтандар қайта іске қосылды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Облыс орталығындағы көпшіліктің көзайымына айналған фонтандар сенбіден бастап қайта іске қосылды. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, енді шаһардағы субұрқақтар төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді:

Қазақстан көшесіндегі орталық универсамның фонтаны – 10.00-18.30

Металлургтер мәдениет сарайының алдындағы фонтан – 10.00-20.00

Чехов және Горький көшесінің қиылысындағы фонтан – 10.00-20.00

Орталық мәдениет үйінің фонтаны – 10.00-18.30

ШҚМУ ғимаратының алдындағы қос фонтан – 10.00-18.30

Әуежайдағы фонтан – 10.00-20.30

Гагарин бульварындағы фонтан – 10.00-20.00

Халифа Алтай мешітінің жанындағы фонтан – 10.00-20.00

Пермитин көшесінің бойындағы қос фонтан – 10.00-20.00

«Чайка» дүкенінің маңындағы фонтан – 10.00-20.00

Облыстық драма театрының алдында орналасқан фонтандар – 10.00-20.00

Қаланың орталық алаңында орналасқан түрлі-түсті әрі әнші фонтандардың жұмыс істеу кестесі:

9.00-10.30 – қалыпты режим

10.30-11.00 – үзіліс

11.00-12.30 – қалыпты режим

12.30-13.00 – үзіліс

13.00-13.30 – қалыпты режим

13.30-14.00 – үзіліс

14.00-15.30 – қалыпты режим    

15.30-16.00 – үзіліс

16.00-17.30 – қалыпты режим         

17.30-18.00 – үзіліс

18.00-18.30 – қалыпты режим    

18.30-19.00 – үзіліс

Кешкі жұмыс кестесі:

20.00-20.30 – 1-ші әуен

20.30-21.00 – үзіліс

21.00-21.30 – 2-ші әуен

21.30-22.00 – үзіліс

22.00-22.20 – 3-ші әуен

22.20-22.40 – үзіліс

22.40-23.00 – 4-ші әуен

Осы орайда айта кету керек, ауа райы қолайсыз болған жағдайда субұрқақтар қосылмайды. Сондай-ақ фонтандар апта сайын тазаланып тұрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы