Өскемендегі "Металлург" паркі жұмыс істей бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі "Металлург" паркі жұмыс істей бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Арнайы зертхананың мамандары аттракциондарды, әткеншектерді және өзге де ойын-сауық құралдарын тексеруден өткізді. Енді қала тұрғындары мен қонақтары үшін парк есігі айқара ашық.

Саябақ 17 тамыздан бастап жалпыреспубликалық шектеулерді сақтай отырып дүйсенбіден жұмаға дейін ашық болады, – деп мәлімдеді Өскемен қаласының әкімдігі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы