Өскемендегі "Балалар ауылының" тәрбиеленушілері іздестірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменнің Ахмер кентінде орналасқан "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" мекемесінде тәрбиеленуші жасөспірімдер жоғалып кетті, деп хабарлады Алтайньюс.

12 және 17 жастағы екі жеткіншек түнгі сағат екіде мекемеден жасырын шығып кеткен. Содан бері қайда екені белгісіз. Полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Балалар ауылындағылар" көрген-білген адамдар болса, 102-ге немесе 21-32-25, 21-29-50, 8-777-286-27-32 номерлеріне қоңырау шалып, хабар беруін сұрайды.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы