Өскемендегі алғашқы ақылы ҰБТ нәтижелері белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. Тестілеуге 204 болашақ түлек қатысты. Олардың барлығы дерлік жақсы нәтиже көрсетті. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Облыс орталығындағы алғашқы ақылы ҰБТ 19 қаңтарда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өткен болатын.

«Қала бойынша орташа балл 72,16 болды. Ең жоғарғы балды (130) О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің оқушысы жинаса, ең төменгі бал (27) №22 орта мектептің оқушысына тиесілі», - деді Өскемен қаласы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанат Айтпаева.

Ал мектептер арасында үздік нәтиже көрсеткен – Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі болды. Оның орташа балы – 95,3 (16 оқушы қатысқан).

Алда әлі үш ҰБТ бар. Олар 24-29 наурыз, 29 маусым мен 5 шілде және 17-20 тамыз аралығында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы