Өскеменде жас аналар орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жас аналар мен олардың бүлдіршіндеріне арналған клуб ашылды, деп хабарлады Алтайньюс.
Мұнда жас аналар бос уақыттарын өткізеді. Клубтың мақсаты – бала тәрбиесіне қатысты түрлі сауалдар бойынша әңгімелесу және тәжірибе алмасу.
"Сондай-ақ, мұнда жас отбасылар қолөнер шағырмашылығын үйреніп, спорттық жарыстарға, түрлі конкурстарға қатысады. Ортақ кездесулерге логопед, психолог, педиатр, косметолог және басқа да мамандар арнайы шақыртылады", - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Медициналық сақтандыруға не үшін төлеу керек?
Өзгелердің жаңалығы