Өскеменде трамвай әйнегі сынып, жолаушы жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде трамвайдың терезесі сынып, жолаушыны жарақаттады, деп хабарлады Алтайньюс.

«Алматылық» трамвайдың терезесі сынып, 17 жастағы жеткіншектің басына құлап түскен. Бас терісі жарақаттанған жолаушы дереу ауруханаға жеткізілді.  

"Бұл Алматы вагоны. Оның «форточкасы» көлденең орналасқан. Жолаушылардың бірі терезені ашпақ болып, жоғары көтерген болар. Осы кезде әйнек пазадан шығып, құлап түсуі мүмкін. Әзірге осындай болжам жасап отырмыз. Әйтпесе бұған дейін осындай жағдай Өскеменде де, Алматыда болған емес", – дейді қалалық көлік компаниясының жетекшісі Михаил Чайка.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жарақат алған жеткіншек дәрігерлердің қарауынан өтті. Денсаулыған төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы