Өскеменде тұрақтандыру қорының өнімдері сатыла бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында тұрақтандыру қоры 8 қарашадан бастап өз жұмысын бастайды, деп хабарлады Аltaynews.

Аймақтық тұрақтандыру қорына 2700 тонна көкөніс жеткізілді. Аталмыш қордың жұмысының негізгі мақсаты маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдерінің бағасын арттыруға жол бермеу. Арзан бағадағы  өнімдер сауда нүктелеріне 8 қарашадан бастап жөнелдетіледі.

Көкөністердің әлеуметтік түрлері (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) қаланың 18 жеке коммуналдық сауда объектілерінде сатылады. Бір келісі - 77 теңге. Сондай-ақ, "Ертіс" ӘКК-ның 15 павильонында бір келісін 70 теңгеге сатып алуға болады, - делінген ақпаратта.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы