Өскеменде шартты түрде сотталғандар сот талаптарын орындамаған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бас бостандығын шектеу шартын бұзған өскемендік бес тұрғын бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл туралы үстіміздегі жылдың 15-25 маусым аралығында өтіп жатқан "Шартты" жедел алдын-алу іс-шаралары барысында белгілі болды. Іс-шара барысында пробациялық қызмет басқармасы учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып есепте тұрған сотталғандарды мекен-жайы, демалатын ойын-сауық кешендері бойынша тексеріс жүргізді.
Өткізілген іс-шаралар барысында Үлбі аудандық ПҚБ қызметкерлері бас бостандығын шектеу жазасының шарттарын сақтамай, әкімшілік құқық бұзұшылықа жол берген бес сотталушыны анықтады. Осыған байланысты сотталғандарға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру туралы Өскемен қалалық №2 сотына ұсыным жолданды, - дейді Солжағалау аудандық ПҚБ инспекторы Ажар Оразғалиева.
Сондай-ақ рейд барысында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс шараларға қарамастан, пробация қызметі басқармасының есебінде тұрған сотталған бір азаматтың Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен жүктелген міндеттерді орындамай жаза тәртібін бұзғандығы анықталды. Осыған дейін оған қатысты бірнеше рет Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімімен ескерту жарияланған болатын.
Сотталғанның жауапкершіліксіздігіне байланысты оған қатысты, "ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы" пробация қызметі бөлімімен Өскемен қалалық №2 сотына ұсыным жолданып, сот қаулысымен бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығына аустырылды.