Өскеменде Отырар қаласының 800 жылдығына орай көрме ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Отырар қаласының 800 жылдығына орай көрме ұйымдастырылады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
Көрме ертең сағат 15:00-де облыстық тарихи-өлкетану мұражайында (Қасым Қайсенов көшесі, 40) болады.
Көрмеде ерте ортағасырға тән археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық жәдігерлер, тарихи маңызды құжаттар және суреттер қойылады.
Сондай-ақ мұражай қызметкерлері сол шаһарда дүниеге келген әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби және қалаға шапқыншылық жорықтар жасаған моңғол әскерлері жайында әңгімелеп береді.
Көрме бір ай көлемінде жалғасатынын айта кетейік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы