Өскеменде «Айыппұл төле» шарасы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен полицейлері 27-29 мамыр күндері үш күндік рейд жасап, «Айыппұл төле» алдын алу шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлады Алтайньюс.

Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары рейд жүргізу арқылы айыппұлы бар азаматтарды анықтап, оларға қатысты тиісті шаралар қолданады.

"Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айыппұл төлемейтіндерге қатысты ҚР ӘҚБтК 669 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалуы мүмкін. Оның санкциясы жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен пара-пар. АЕК өтелмеген жағдайда тәртіп сақшылары бес тәулікке дейін қамауға алуға құқылы", - делінген таратылған ақпаратта.

     

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы