Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 тамызда еліміздегі қалалардың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды.


«Қазгидромет» РМК-ден хабарлағандай, 3 тамыз күні Өскемен қаласында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы