Өскеменде аналарға домбыра сыйлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Ана мен бала орталықтарындағы жас босанған әйелдерге домбыра тарту етіледі. Бұл шараны Ұлттық домбыра күнінің қарсаңында Достық үйінің этномәдени бірлестіктері ұйымдастырып отыр, деп хабарлады Алтайньюс.
"Біз үшін ұлттар достастығы қашанда қымбат. Еліміздегі алуан түрлі ұлттар бір-бірін салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарымен сыйлап, тату-тәтті ғұмыр кешеді. Біз «Рухани жаңғыру» және Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» атты бағдарламасының аясында дәстүрімізді кең насихаттауды көздейміз", – деді облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім сарайының директоры Эльдар Төлеубеков.
Іс-шара 7 шілде күні қаладағы екі Ана мен бала орталықтарында өтеді.
Еске сала кетейік, Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы