Өскеменде 54 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде 54 көпбалалы отбасына жаңа пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Altaynews.
Күні кеше халықаралық балаларды қорғау мерекесінде қаламыздың кішкентай тұрғындары мен ата-аналарын жаңа қоныстарымен құттықтадым. Мен әрдайым әрбір көпбалалы ана – еліміздің тірегі, мақтанышы екенін ерекше атап өтемін. Сіздерге көпке өнеге болып, мемлекетіміздің дамуына қосып келе жатқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін, - деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Үш және екі бөлмелі пәтерлер көпбалалы отбасылар үшін салынған жаңа тоғыз қабатты үйден берілген.
Облыс әкімі биыл 190-нан астам көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы