Өскеменде 27 сотталған адамның жазасы өзгертілді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскеменде сот шешіміне бағынып, кесілген жазаны үлгілі өткерген 27 сотталған бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі депртаменті Солжағалау аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен қайталама қылмыстың алдын алуына байланысты профилактикалық іс-шаралар өткізді. Оның нәтижесінде биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалған сотталғандардың сот үкімімен жүктелген міндеттер мен ережелерді  орындамаған 10 сотталған азамат анықталды. Оларға осыған дейін кесілген бас бостандығын шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, – дейді ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Ерасыл Төлегенов.  

Дегенмен, сотталғандар арасында барлығы дерлік сот шешіміне бағынбай қойды деуге келмес. Профилактикалық жұмыстардың оң нәтиже бергендері де бар. Мысалы, аталған уақыт аралығында 27 сотталған адам өзінің жасаған қылмысын түсініп, жаза өтеу ережелері мен шарттарын үлгілі орындаған. Осының нәтижесінде олардан осыған дейін тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы алынып тасталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы