Өскеменде 210 төсектік инфекциялық бөлім ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің ортасына қарай Өскеменнің бұрынғы жедел медициналық жәрдем ауруханасы ғимаратында 210 төсектік инфекциялық бөлім ашылады.
Бұл туралы облыс басшысы Даниял Ахметов айтты.Қазір аймақтағы төсек орын қорының жүктемесі 30% төмен. Бірақ күзде болуы ықтимал коронавирус пандемиясының екінші толқынымен қатар, дәстүрлі тұмау мен жедел респираторлық аурулардың асқынатынын ескеруіміз керек. Статистика бойынша былтыр қыркүйекте тұмаумен 3,5 мың, қазан айында 5 мың адам ауырған. Сондықтан қысқа мерзімде ЖМЖА ғимаратында заманауи жабдықталған тағы бір клиника іске қосылуы керек, - деді ол.
Пандемия аяқталғаннан кейін бұл бөлімше Шығыс Қазақстанның пульмонологиялық орталығына айналады
⠀
Қаланың бас дәрігерлерімен бірге аурухананың құрылыс алаңына бардық. Қазір ескі құрылымдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қасбеттің түсі мен стилін сақтаймыз. Мұнда қойылатын компьютерлік томографқа және жұқпалы аурулар бөліміне қажетті әлемдік стандарттарға сай медициналық жабдықтарға тапсырыс бердік. Пандемия аяқталғаннан кейін бұл бөлімше Шығыс Қазақстанның пульмонологиялық орталығына айналады. Жұмыс барысы менің жеке бақылауымда. 15-20 қыркүйектен кешіктірілмей аяқталуы тиіс, - деді облыс басшысы.
⠀
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 18 млн-ға жетті
Келесі жаңалық
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Өзгелердің жаңалығы