Өскемен тұрғыны танысының атынан үш рет онлайн-несие алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны өзінің танысының атынан жасырын түрде үш рет онлайн-несие алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жәбірленуші өз атына несие рәсімделгенін ұялы телефонына хабарлама келгенде ғана білген. Өзге біреудің несие алғанын түсінген ол полиция қызметкерлеріне шағым түсірді.
Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы әйел адам ұсталды. Ол жәбірленушінің танысы болып шыққан.
«Жалпы сомасы 145 мың теңгеге шыққан үш онлайн-несие сәуір айында ресімделген», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елдос Сметов Будапештте Гран-при турнирінде топ жарды
Келесі жаңалық
Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды
Өзгелердің жаңалығы