Өскемен полицейлері жоғалған баланы бір сағат ішінде тауып, ата-анасына тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 10:30 шамасында Өскемен қалалық Полиция басқармасының "102" желісіне баланың жоғалғаны туралы ақпарат түсті.
Кәмелеттік жасқа толмаған баланың анасы 8 жасар ұлының таңғы уақытта Славский атындағы жағалау мекенжайындағы үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы айтқан.Хабарлама түскен сәттен бастап жедел түрде осы дерек бойынша іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Өскемен қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылып, жасөспірімді іздеуге бағдарланды. Тәжірибелік көмек көрсету үшін ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тартылды, - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.
Іздестіру жұмыстарына жүзге жуық адам тартылып, аулалар тексерілді, бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді, кинологиялық қызметтің қызметтік-іздестіру иттері тартылды.
Тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілердің және еріктілердің үйлесімді жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала бір сағат ішінде табылды. Жасөспірімді Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ жедел уәкілі, полиция капитаны Думан Асқаров тапқан.
Кәмелеттік жасқа толмаған бала аман-есен ата-анасына тапсырылды. Ювеналдық полиция қызметкерлерімен жасөспірімнің жоғалу себебі мен жағдайлары тексерілуде.
ШҚО полиция департаментінің басшылығы іздестіру жұмыстарына қатысып, қырағылық танытқан Өскемен қаласының тұрғындарына, атап айтқанда жедел түрде бейнебақылау камераларының жазбаларын ұсынған дүкендердің басшыларына және қызметкерлеріне, сондай-ақ аумақта іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілерге шын жүректен алғыстарын білдіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сегіз мың үлескердің мәселесін шешеміз - Алтай Көлгінов
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы