Өскемен мен Семейде қосымша шектеулер енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қосымша шектеулер 2-сәуірден бастап енгізіледі. Бул туралы облыстық әкімдіктің Facebook-тегі парақшасында жазылды.
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Мемлекеттік комиссиямен келісе отырып, Өскемен мен Семей қалаларында 2020 жылғы 2 сәуірде сағат 00.00-ден бастап, қосымша шектеулер енгізіледі.
⠀
Шығу және кіру шектеледі, 15 бақылау-өткізу пункті қойылады. Сонымен қатар, бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу үшін "жасыл дәліз" ашылды.
⠀
Көлік қозғалысы күндіз шектеліп, түнде тоқтайды. Тек қызметтік көліктерге рұқсат берілді. Бір апта ішінде қоғамдық көлік қатынасы қысқартылады. Кәсіпорындар өз қызметкерлерін жеке кесте бойынша жеткізетін болады.
⠀
6 сәуірден бастап, жеке көлік қозғалысы шектеледі. Күнтізбенің жұп күндері, көлік нөмірі нөлді қосқанда, тек жұп санына аяқталғандар, ал тақ күндері, көлік нөмірі тақ санға аяқталғандар ғана жүреді.
⠀
Сондай-ақ, 6 сәуірден бастап, Өскемен, Семей аумағында тұрғындардың жүріс-қозғалысы тек рұқсат қағазы арқылы жүзеге асады.
І түрі – қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, жұмыс істейтін азаматтарға арналған.
⠀
ІІ түрі - әрбір отбасына беріледі. Ол арқылы аптасына 3 рет сауда нысандарына, дәріханаларға, банктер мен медицина мекемелеріне баруға болады.
Рұқсат қағазының жасыл түсі - жұп күні, Ақ түсі - айдың тек, тақ күндері шығуға мүмкіндік етеді.
⠀
2 сәуірден бастап, азық-түлік бөлімдерінен басқа, ірі сауда нысандарының қызметі тоқтайды. Мейрамханалар, дәмханалар, асханалар онлайн түрде тапсырыс алу, жеткізу режиміне өтеді.
Қызмет көрсететін – сұлулық салондары, массаж орталықтары, сауналар толық жабылады.
⠀
Жасы 70-тен асқан жерлестеріме, І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, үйден шықпауларын сұраймын. 2 сәуірден бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмекті үйлеріңізге жеткізетін боламыз. Әлеуметтік маңызы бар, азық-түлік өнімдерінің 19 түрі, гигиена құралдарының 10 түрі кіретін 4 жинақ жасалды. Жеткізу аптасына 1 рет тегін болады.
⠀
Жеңіс күніне арналған біржолғы төлемдерді беруді бастаймыз. Соғыс ардагерлеріне 600 000 тг, марапатталған тыл еңбеккерлеріне 100 000 тг, ал марапаты жоқ тыл еңбеккерлеріне 42 500 тг. береміз.
⠀
Қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді. Өскемен 200, Семей 202 шаршы аумаққа бөлінді. Коммуналдық және байланыс қызметтері үздіксіз жұмыс атқаратын болады, - делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 300 мыңнан астам оқушының компьютері жоқ – министр
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы