"Сіздің пакетіңіз қоймада". Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қазір телефон арқылы алдап, атыңыздан несие рәсімдейтіндер көп. Тіпті оның тағы бір тәсілі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатырған бұл әдіс көпшіліктің назарын бірден аударды. Енді алаяқтар пошта қызметіненбіз деп тұрғындарға арнайы смс жіберіп, карта нөмірлеріне тікелей қол жеткізбек.
Сіздің пакетіңіз қоймаға келді, бірақ мекенжайы толық емес болғандықтан жеткізу мүмкін емес. Төмендегі сілтемеге мекен-жайыңызды жазыңыз" деген мәтінмен телефонынызға смс хабарлама келеді. Ішіне кіргенде мекен-жайыңызды толық толтыруды сұрайды. Одан соң сізге үйіңізге дейін жеткізу үшін қосымша 132,68 теңге қаржы төлеу керектігін айтады. Егер банк карточканызды енгізіп, төлем жасасаңыз, ақшамнан айырылдым дей беріңіз.
Депутат Дәулет Мұқаев та әлеуметтік желідегі парақшасына «Олар қазақша сөйлей бастады» деп жазба қалдырды. Ал жазба астына жазылып жатқан пікірлерден жәбір көргендердің немесе осы турасында смс хабарламаның көп адам алғандығын байқауға болады.
Жазбаға жұрт «Достар мен ішіне кіріп банк картамды енгіздім,енді каспиден қайта-қайта ақша ұстағысы келіп жатыр деген хабарлама келіп отыр. "Не істесем болады, маған тура осындай хабарлама келді, ішіне кіріп толтырдым. Кейін жаңалықтардан естіп қарасам, картамда ақшам жоқ» деп жазып жатқандар да бар.
Сондықтан алаяқтықтың жаңа тәсілін сізде біліп, алданбаудың алдын алыңыз. Телефоныңызға қандай бір қоңырау келсе де, хабарлама келсе де, дұрысы өшіре салыңыз!