Сіздердің махаббаттарыңыз маған сенімділік пен күш береді – Димаш

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің жерлестерін – барша қазақстандықтарды Жаңа 2020 жылмен құттықтады. Ол жылы лебізін өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Ардақты Dears! Біздің саяхатымыздың тағы бір жылы өтті. Менімен бірге болғаныңыз үшін рахмет. Мен әрбір концертте, әр қалада, әр елде сіздің ыстық қолдауыңызды сездім. Сіздің махаббатыңыз маған сенімділік пен күш берді. Осы жылда концерттердің ойдағыдай өтуі, әрбір жетістіктерім сіздердің арқаларыңызда деп білемін, - деп жазады Димаш.

Ол Жаңа жыл қарсаңында әрқайсыңызға жеке бақыт, бейбітшілік пен өсіп-өркендеуді тілейтінін жеткізді.

Менің сүйікті елім-Қазақстанға, менің қымбатты жерлестеріме бақыт пен тыныштық тілеймін. Жаңа 2020 жыл барлығымызға мейірімді болсын. Сіздерді жақсы көремін, менің қымбаттыларым!, - деп Димаш Құдайберген тыңдармандарына деген ерекше ықыласын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы