"Сіздер де белсенді болыңыздар". 105 жастағы кейуана халықты санаққа қатысуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны Шамбек Рахманова онлайн режимде Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағына қатысты.

Халық санағының өткені жақсы. Себебі осы арқылы халқымыздың шынайы саны белгілі болады. Адамдардың тұрмыс деңгейі, әлеуметтік мәселесі санақ барысында анықталады деп ойлаймын. Сондықтан бұл науқанға бәріміз қатысқанымыз жөн. Мен өзімнен тараған үлкен әулетті халық санағына қатыстырдым. Сіздер де белсенді болыңыздар, – деді 105 жастағы әже.

Әжеміз жастық шағын Ұлы Отан соғысы жылдары тылда өткеріп, кейіннен совхозда жұмыс істеген. Шамбек Сатенқызы 1936 жылы тұрмыс құрып, 10 бала-шағаны баулып өсірген көпбалалы ана.

Бүгінгі таңда олардан 29 немере 69 шөбере, 15 шөпшек барлығы 113 немере, шөбере, шөпшек сүйіп отыр.

Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде ғасыр жасаған 10-ға жуық ата-әже түгелдей дерлік әлеуметтік сауалнамаға тіркелді. Арнайы мамандар жүз жасаған тұрғындардың мекен-жайында болып, тіркеу жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы