Райымқұлова: Сіздердің жеңістеріңіз біз үшін мақтаныш
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жасөспірімдер арасындағы джиу-джитсудан әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жас спортшыларымен кездесті.
Кездесуге Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері: Азия ойындарының жеңімпазы және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Тлекенова Адиля, Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы және гимнастикадағы Азия чемпионаты Бакатова Сабина, жастар арасындағы бокс сайысының жеңімпазы Оралбай Айбек, Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Оралбай Нұрбек және Грек-рим күресінен Әлемдік ойындардың жеңімпазы Сабаз Бағдат қатысты.
Сонымен қатар, Алматыдан келген Анна Водолазова мен Любовь Темникова ведомство басшысымен кездесті. Айта кетейік, №1 Алматы балалар үйінің тәрбиеленушілері БАӘ-дегі джиу-джитсудан әлем чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.
"Сіздердің жеңістеріңіз біз үшін әрдайым мақтаныш. Сіздерге үлкен алғыс білдіремін. Ойын алаңында сәттілікке жету арқылы өмірдің барлық салаларында табысты боласыздар деп сенемін. Себебі, спортпен айналыса отырып, сіздер өздеріңізге мінез қалыптастырасыздар, алға биік мақсаттар қойып, соған жетуге ұмтыласыздар. Мен сондай-ақ біздің отандық БАҚ-на ризашылығымды білдіремін, ақпарат көздері арқылы талантты жеткіншектеріміз жайлы барлық қазақстандықтар таныса алады",- деп атап өтті министр А. Райымқұлова.
Сонымен бірге, Министр №1 Алматы балалар үйінің тәрбиеленушілері Анна Водолазова мен Любовь Темниковаға дарынды балаларға арналған спорт интернатына оқуға түсуге ұсынысын білдірді.
Жас болса да спорттағы жетістіктері біршама жас жеткіншектер Министрліктің ерекше қолдауына және олардың жетістіктеріне назар аударғандары үшін алғысын білдіріп, болашақ жоспарлары туралы әңгімелеп берді.
"Спорт маған көп нәрсе берді: күш, ақыл, мінез және Отанымды мақтан ету, патриот болуыма итермеледі. Мен сонымен бірге, ұлттық бимен де айналысамын", - деді Анна Водолазова.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатының тәрбиленушісі Сабина Бакатова да өз армандарымен бөлісті.
"Мен барлық спортшылар секілді Олимпиада чемпионы болғым келеді. Мен өз мақсатыма жету үшін қазірден еңбектенуді және жаттығуды бастадым" - деді ол.
Кездесу соңында министр жас спортшыларға спортты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтып, сондай-ақ алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.