Сіз президент болған кез қазақ халқының дамуымен есте қалсын – польшалық депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президентінің атына құттықтаулар келіп жатыр.
Польша Республикасының Сейма депутаты Томаш Ленц ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдап, ізгі тілектерін білдірген.«Польша Республикасының Сейма депутаты, Польша-Қазақстан парламенттік тобының және Шетелдік мәселелер жөніндегі комитет мүшесі бола отырып, сізді шын жүректен ҚР президенті болып сайлануыңызбен құттықтаймын. Сіз президент болған кез ел тарихында қазақ халқының дамуымен, амандығы және қауіпсіздігімен есте қалсын деп тілеймін!
Жыл өткен сайын Польша мен Қазақстан халқы арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Сауда балансымыз ұлғайып, саяси және дипломатиялық ынтымақтастығымызды арттырып келеміз. Қазақстандықтар Польшада, польшалықтар Қазақстанда махаббат пен құрметке ие. Бұл біздің елдеріміздің ынтымақтастығының одан әрі берік болуына ықпал етеді.
Мен сіз президент болған кезде біздің елдеріміздің қарым-қатынасы одан әрі нығая түсетініне, саяси, экономикалық және мәдени деңгейде де дами беретініне сенемін.
Құрметті президент мырза, сайлаудағы жеңісіңізбен тағы да құттықтаймын», - делінген құттықтау хатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы