Сиверс алмасының гүлденуіне арналған этно фестивалі өтті
Жетсіу облысында Сарқан ауданында Теректі өзенінің жағасында Сиверс алмасының гүлденуіне арналған этно фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жылдағы дәстүр бойынша ерекше аталынып өтетін бұл фестивальдің басты мақсаты жабайы алма ағаштың осы тұқымын жойылып кетпеуіне жағдай жасау арқылы өңірде тау туризімін дамыту.
Тау жағалай өсетін бұл жабайы алманың түрін тек Сарқан жерінде кездестіруге болады. Бор дәуірінен осы күнге дейін сақталып келген жабайы алманың 40-қа жуық түрі Жоңғар-Алатауы табиғи ұлттық паркінің аумағында ерекше қорғалған. Бүгінде, табиғи саябақтың 38 мың гектарын жабайы Сиверс алмасы алып жатыр.
Шара аясында, Алтын Адам Жетісу шеберлерінің қол өнер бұйымдарының көрмесі қойылды. Бұдан бөлек ұлттық спорт түрлерінен тартысқа толы жарыста ұйымдастырылып, жиылған халықты бір серпілтіп тастады.
Сонымен қатар, фестивальға арнайы қазақ эстрадасының әншісі Динара Сұлтан келіп, әсем әндерінен шашу шашты.
Қазақстанның барлық жері өзіне тән сұлулығымен көркем табиғатымен ерекшеленеді. Соның ішіндегі жердің жәннаты саналатын Жетісудің табиғатына тамсанбайтын адам жоқ. Бүгінгі фестиваль да, Жетісудың тағы бір әсем жері Сарқан жерінде жоғарғы деңгейде өтті. Біздің басты мақсатымыз жабайы алма тұқымын сақтап қалу. Бүкіл әлемге осы жерден барлық алманың ежелгі түп атасы екендігін одан әрі паш ету. Әрине бұдан бөлек экологиялық туризмді дамытуға жағдай жасау, – дейді, экология және тұрақты даму институтының директоры Құралай Карибаева.
Айта кетейік, тұқым қуалау бірлігі сақталған генетикалық материал ретінде, әлемді мойындатқан Сиверс алмасы мәдени сұрыптарының 15 мыңының арғы тегі болып табылады.