Сирияға бір күнде 4300 ливандық босқын өтті
Ливаннан Сирия аумағына 1 күнде 4 мыңнан астам адам өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Сирия Араб Республикасындағы Жауласқан тараптарды татуластыру орталығы мәлімдеген. Олар Алеппо, Раакка, Идлиб, Блубай және Тартус сияқты 5 елді мекенде гуманитарлық көмек көрсетті.
Босқындарға жалпы салмағы 9,5 тонна болатын 980 азық-түлік жиынтығын таратқан. Біріккен ұлттар ұйымы Израиль әскерінің шабуылдарынан 3 млн 300 мыңнан астам ливандық босқынға айналғанын хабарлайды. Олардың 440 мыңға жуығы Сирия мен Иракты паналап жүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада жас ақындар айтысы басталды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы