Кеше 2026, 23:39
Фото: Anadolu Ajansı
Сириядағы су тасқыны: 700-ге жуық үй су астында қалды
Сирияның азаматтық қорғаныс қызметтері су басқан аймақтарда жұмыс қарқынын арттырды.
Сирияның Хасека провинциясында нөсерлі жаңбыр салдарынан болған су тасқыны нәтижесінде шамамен 700 үй су астында қалды. Бұл туралы BAQ.KZ Anadolu Ajansı-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Anadolu Ajansı мәліметінше, Хасекада толассыз жауған жаңбырдан кейін су тасқыны орын алған.
Қала орталығындағы бес ауданда 700-ге жуық тұрғын үй зардап шеккен.
Қазіргі уақытта Сирияның азаматтық қорғаныс қызметтері су басқан аймақтарда жұмыстарын жалғастыруда.
Айта кетейік, бұған дейін Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су бетінің жылынуына себеп болатын Эль-Ниньо құбылысы 2026 жылдың соңына қарай қалыптасуы мүмкін екені хабарланған. Мамандар оның салдары ретінде әлемнің әртүрлі өңірлерінде су тасқыны, құрғақшылық және рекордтық ыстықтар болуы мүмкін екенін ескертеді.