Сириядағы бейбіт тұрғындар қауіпсіз жер іздеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Идлибтің оңтүстік-шығысындағы жағдай ушығып барады, деп хабарлайды 24.kz.

Ресей мен Сирия тарапынан үзіліссіз жасалып жатқан әуе соққысы салдарынан мыңдаған тұрғын бас сауғалап, қауіпсіз жер іздеуге кіріскен.

Босқындардың басым бөлігі Маарат аль-Нуман елді мекені мен көршілес аудандардан солтүстікке қарай бағыт алған. Баспана іздеген 40 отбасы бос ғимаратқа, 650 жанұя мешітке, тағы 400 отбасы уақытша лагерге орналасыпты. Мигранттар бұл тұрақтарда жағдай жасалмағанын айтады. Қатты суықтан дертке шалдыққандар да бар.

Жалпы БҰҰ мәліметіне сай өңірден 80 мыңға жуық бейбіт тұрғын қауіпсіз жер іздеп, босып кеткен.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы