Сирияда тырысқаққа қарсы вакциналау басталды

Сирияда тырысқаққа қарсы екпе егу науқаны басталды. Өйткені бұл инфекция тым тез тарап барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. 2022 жылдың қыркүйегінен бері 56 мыңға жуық дерек тіркелген. 26 адам қайтыс болған. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ жыл басында Сирияның солтүстік-батысына 1,5 миллион вакцина жіберген болатын. 

Адамдардың көбі тазартылмаған су ішіп отыр. Бұл аурудың асқынуының бірден бір себебі. БҰҰ-ның мәліметі бойынша Сириядағы су тазарту қондырғыларының үштен екісі істен шыққан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: bbc.com
Өзгелердің жаңалығы