Сирияда ауруханаға әуе шабуылы жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирияның Африн қаласында әуе шабуылынан ірі ауруханалардың бірі жарылды, деп жазды «Хабар 24».
Лаңкестік оқиғадан 13 адам қаза тапты. Кей ақпарат көздері мерт болғандардың саны 18 екенін хабарлайды. Жараланғандар жайлы нақты ақпарат жоқ. Марқұмдардың арасында екі медицина қызметкері бар. Атыс-шабыс үкімет әскері мен күрдтер жасақтары арасында болған. Әзірге қайғылы оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.
Көптеген адам мерт болды. Екі медбикемізден айырылдық. Аурухана ғимаратының тас-талқаны шықты. Науқастардың көбі шұғыл эвакуацияланды. Қазір олар жақын маңдағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл жерде жұмысты жалғастыру мүмкін емес, - деді Аш-Шифаа ауруханасының басшысы Хасан Аднан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда патрульдік полиция көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Өзгелердің жаңалығы