Сіріңкемен ойнаған жеті жасар қыз өзін өртеп алды

8 тамызда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыз бала жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүрген.

Шырпымен ойнау отырған 2015 жылғы қыздың үстіндегі киіміне от тиген. Өрт салдарынан бала ІІ-ІІІ-дәрежелі термиялық күйік алып, қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды, – делінген БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының ТЖД ата-аналарға балаларына мұқият болуды, оларды жалғыз қалдырмауды ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы