20 Қазан 2025 2025, 20:42
Фото: - архив
Сирек есімдер: Елімізде "Қазақстан" деп аталатын адамдар саны қанша?
Қазақстанда "Қазақстан" деп аталған 28 азамат тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Республика күні қарсаңында елімізде "Қазақстан" деп аталған 28 азамат тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Олардың көпшілігі – 7 адам Қарағанды облысында тіркелген. Ал 6 адам Ақмола облысында тұрады.
Қостанай облысы мен Астана қаласында әрқайсысында 3 адамнан бар. Алматы, Маңғыстау және Шымкент қалаларында әрқайсысында 2 адамнан, ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 1 адамнан тіркелген.
Бұл ерекше аттың барлық иелерінің ішінде тек бір ғана әйел бар.
Қазақстан есімін иеленгендер ішіндегі адамның ең үлкені – 92 жаста, ал ең кішісі – тек 25 жаста.
Еске салайық, бұған дейін Республика күніне орай кейбір астаналықтарға біржолғы төлем берілетінін хабарладық.