Синтетикалық есірткі қыздардың болашақ ұрпағына әсер етеді – Дудник

Есірткі елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник ОКҚ-да өткен жиында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Синтетикалық есірткі пайдаланатын адамдар жыныстық тұрғыда әлсіз болады. Көп серіктес ауыстырып, қорғанбаған жыныстық қатынаста жыныстық инфекция көбейеді. Оның ішінде ЖИТС-ті де жұқтыруы мүмкін. Жыныстық инфекция бедеуліктің немесе ұрпақтың саулығына әсер етуі мүмкін. Ерлердің жасушалары 2 апта сайын жаңарады. Ал қыздарда жұмыртқа жасушасында қалады. Егер де қыздар 17-18 жасында синтетикалық есірткі пайдаланса, олардың ұрпағына әсер етеді, - деді Дудник дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, осы себептен де қауіп өте жоғары.

Есірткінің тарауы елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді. Сондықтан барлық жасөспірімді есірткіден бас тартып, назарын спорт пен махаббатқа, білімге аударуға шақырамыз, - деп кеңес берді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы