Синтетикалық есірткілерді жарнамалауға жауапкершілік күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүлі брифингте айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі тұрақтылықты, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, ІІМ-ге бірқатар нақты тапсырма берді. Президент басқа мәселелердің ішінде есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына байланысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына төнетін қауіпті айырықша атап өтті, - деді ол.
Оның айфтуынша, осыған байланысты ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Осылайша, синтетикалық есірткілерді бақылауға енгізу тетігі жеңілдетілді, оларды жарнамалау және интернет арқылы тарату үшін жауапкершілік күшейтілді. «Электрондық әмияндарды» анонимді пайдаланушылар арасында ақша аударуға тыйым салатын тетіктер енгізілді, - деді Нұрділдә Ораз.