Синтетика өткізу фактілерінің жолын кесу жалғасып жатыр
Жыл басынан бері 31 есірткі зертханасы жойылды. Оның 17-сі синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Есірткі өндірушілерден шамамен 186 кг синтетикалық есірткі және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Жыл басынан бері 31 есірткі зертханасы жойылды. Оның 17-сі синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Есірткі өндірушілерден шамамен 186 кг синтетикалық есірткі және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Ақтөбеде 34 жастағы тұрғын ұсталды. Ол ірі көтерме саудаға арналған пакеттерге мефедрон салған. Оның жалдамалы пәтерінде 440 грамм есірткі тәркіленді.
Одан әрі тергеу әрекеттері кезінде күдікті екі пакет жасырылған жерді көрсетті. Олардың әрқайсысында 25 орамнан болған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы жарты килограмм немесе мыңнан астам бір реттік дозаны құрады.
Семейде 20 жастағы жігіт пен қыз ұсталды. Жеке тінту кезінде олардан синтетика салынған орамдар тәркіленді. Ұсталған кезде олар заңсыз заттардан құтылуға тырысқан. Қызметтік-іздестіру иттің көмегімен кинологтар қызға тиесілі барсетканы анықтады. Оның ішінде 64 есірткі орамы болған. Ұсталғандардың пәтерінен гашиш пен мефедрон салынған тағы 38 пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 100 грамм.
Самара – Шымкент тас жолындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 21 жастағы Шымкент тұрғыны марихуанамен ұсталды.
Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында оның тұрғылықты жерінен төрт пакетке салынған 300 грамм мефедрон тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды.
Есірткі жасырушылардың заңсыз “еңбек өтілі” 2-3 айдан сәл асуы мүмкін. Оңай олжа соңынан қуып, олар 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын арқалайтынын аңғармай жатады, – деді полицияда.
- Алматы мен Алматы облысының тауларында үш адам құтқарылды 10:49
- Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы төбелес: полиция істің мән-жайын жариялады 10:19
- Түркияның Мугла провинциясында жол апатынан кейін көлік өртеніп, екі адам қаза тапты 09:52
- Доллар, еуро, рубль: 15 қарашада Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы 09:17
- Теннис: Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті 08:53
- Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталып, оған академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді 08:35
- Қостанай тұрғынынан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіленді 08:07