Синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын жасады
«Қазгидромет» метеорологиялық қызметі 2024 жылдың 4-6 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, құбылмалы болады.
Кей аймақта боран соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады.
Тек еліміздің оңтүстік шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Республиканың солтүстік батысында және солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градустан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды, – деп ескертті синоптиктер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Амир Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің тізіміне енді
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы