Синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17-19 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады.
18 маусымда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Тек республиканың қиыр шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Күндізгі ауа температуралары батыста +20+28 дейін, солтүстік-батыста +13+26 дейін, солтүстікте +17+27 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында сынап бағанасы + 30 +37 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік аймақтарда ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Астанада ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +18+20 жылы болады. Көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, жел күшейеді.
Алматыда күн ыстық, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады. Сынап бағанасы күндіз +33 +35 градус, түнде + 21 +23 градусты көрсетеді.