Синоптиктер төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 наурызда төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы