Синоптиктер ШҚО-да үсік жүруі мүмкін екенін ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20, 23-28 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Өскеменде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан қатты жел соғады.
Семейде де найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. 6-сынан 7 маусымға қараған түнде топырақ бетінде мұз болып, кей жерлерде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал.
Дауылдың болу ықтималдылығы – 80-90%.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы