Синоптиктер республиканың 10 өңірінде ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 қарашада 10 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман.
Астанада тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында да тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандары тұманды болады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.