6 Тамыз 2026, 07:45
Фото: pexels.com
Синоптиктер Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті
Қолайсыз метеожағдай кезінде көшеде дене белсенділігін шектеу және спортпен жабық орындарда айналысу қажет.
6 тамызда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Синоптиктердің болжамынша, ҚМЖ Ақтөбе мен Талдықорған қалаларында болады. Мұндай жағдайда желдің баяулауы, тұман және ауа температурасының өзгеруі салдарынан зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға ауа сапасының нашарлау ықтималдығын ескеріп, ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді. Әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге және тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Сондай-ақ қолайсыз метеожағдай кезінде көшеде дене белсенділігін шектеу және спортпен жабық орындарда айналысу қажет.
- Отбасы күні: Қазақстанда отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр 10:53
- Ақтөбеде Елек өзенінде жаңа құтқару станциясы ашылды 10:36
- БРИКС: Нью-Дели декларациясы және Қазақстанның басымдықтары 10:30
- 13 қыркүйекке арналған валюта бағамы 09:49
- Илон Маск пен Сэм Альтман ЖИ дамуын бәсеңдетуді қолдады 09:20
- «Таза жағалау» акциясы: 586 гектар жер қоқыстан тазартылды 08:54
- Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады 08:33