23 Сәуір 2025 2025, 17:45
Фото: pixabay.com
Синоптиктер Қазақстанда үсік жүруі мүмкін екенін ескертті
24, 25 және 26 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытып, кейбір өңірлерде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24, 25 және 26 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытып, кейбір өңірлерде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда түнгі уақытта солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы болжануда: жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Сондай-ақ республиканың көптеген өңірлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында тұман болады.
Үсік күтілетін өңірлер:
- 24 сәуірде – Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- 24-25 сәуір аралығында – Павлодар облысы;
- 25 сәуірде – Қарағанды облысы;
- 25-26 сәуірде – Шығыс Қазақстан және Абай облыстары.
Тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне мұқият болып, сақтық шараларын ұстануға кеңес беріледі.