Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Қазақстанда ауа райы күрт суытады: жауын-шашын, көктайғақ және боран күтіледі. 8 желтоқсанда солтүстікте 10-15 градус аяз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде төменгі боран күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Апта соңына қарай Новая Земля аралдары аудандарынан Қазақстанның батысына қарай арктикалық антициклон жылжиды. Ол температураның күрт төмендеуіне алып келеді.
8 желтоқсанда солтүстік-батыста 5-13 градус аяз, солтүстік өңірлерде 10-15 градус аяз болжанып отыр. Бұдан кейін ауа температурасы одан әрі төмендейді.
Еске салсақ, бүгін, 5 желтоқсанда еліміздің 16 өңірі мен Астанада қолайсыз ауа райы болжанады. Жолдарда көктайғақ, төмеңгі жолды боран және қар жауады, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы